2026 жылғы 5 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Макинск қаласының «Кешкі мектебі» КММ-де мектеп ұжымымен «Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғамдағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң үстемдігі мәселелері қарастырылды.